Daily Archives: 25.03.2017

«Халықтың ғұмыры тілінде»

Облыс орталығындағы Достық үйінде  Халықаралық ана тілі күніне орай, «Халықтың мәңгі ғұмыры – тілінде» атты тақырыпта дөңгелек үстел жиыны болып өтті деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы өңірлік коммуникациялар қызметі.    

Мұрағат – тарих парағы

Облыстық  мемлекеттік мұрағатта «Қазақ тарихында мұрағаттың алар рөлі»  тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

 

Бірлігі жарасқан елде береке бар

«Достар» мәдениет сарайы жанындағы  Көкшетау қалалық кітапханасында  Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-ші сессиясына орайластырып, «Қазақстан – татулық пен бірліктің ордасы» тақырыбында этно-мәдени орталықтармен кездесу болып өтті.

OTAU желісінде – Discovery Showcase HD хабарлары

1 наурыз күні қазақстандықтарға алғаш рет  мемлекеттік тілде шетелдік телеарна контенті ұсынылды. Телеарнаның даму болашағы, сондай-ақ, OTAU TV  абоненттерін қандай жаңалықтар күтіп тұрғаны туралы Ақмола облысы филиалының директоры В.З. Арсланбеков әңгімелейді.

Есте сақтаудың тиімді әдісі

Емтихан тапсырар алдындағы студенттің жағдайын есіңізге алып көріңіз. Қысқа уақыт ішінде қалың кітаптарды оқып, тым болмаса ең қажетті мәліметтерді есімде сақтайын деп жанталасқан ол бар дүниені ұмытады.

Деректер қоры жұмыс тиімділігін арттыру үшін қажет

Өткен жылы еліміздің үкіметтік емес ұйымдарына қатысты  бірқатар жаңашылдықтар  енгізілген еді. Олар гранттар мен сыйақылар түріндегі жаңа қаржыландыру көздері, мәліметтер базасына үкіметтік емес ұйымдарды енгізу, гранттық қаржыландыру операторын құру, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істейтін уәкілетті органды айқындау, осы аталған өзгерістерді талдап отыру сияқты өзгерістер.  Төмендегі сұхбатта Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитетінің төрайымы Әлия Ғалымовамен осы мәселелерге кеңінен тоқтала түседі.

Пәтер кезегі, дәрі-дәрмек…

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері қоғамдық қабылдау өткізді.

Қайырымдылық – халқымыздың салты

Біздің мектепте  жалпы  республикалық «Қамқорлық»  акциясы  аясында жұмыс жос-пары құрылып, көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасындағы оқушылардың жағдайына көңіл бөлінуде.

Аттестаттаудан сүрінген оқу орындары көп

Облыс орталығындағы «Достар» мәдениет сарайында өткен білім мекемелерін аттестаттау және лицензиялаудың қорытындыларына арналған кеңес «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың төрағалығымен өтті. Онда білім беру саласындағы орын алған олқылықтар жайы талқыланды.

Нашақорлықтың алдын алу туралы ой бөлісті

Өңірлік коммуникациялар қызметінде нашақорлық және есірткі саудасымен күрес тақырыбына қалам тартып жүрген  БАҚ өкілдерімен семинар өткізілді.

Керек мамандар даярлайды

Кластерлік қамқорлық жөніндегі меморандум аясында өңірлік кәсіпкерлер палатасы Көкшетау қаласындағы №1 сервистік-техникалық колледжбен бірлесіп,  «Қала шеберлері» Ашық есік күнін ұйымдастырды.

Көп мәселе ескерілген

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты ел халқына арнаған Жолдауында еліміздің ғаламдық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін  экономикалық өсудің жаңа үлгісін құру қажеттілігі туралы айтылады. Елбасы экономиканың өсуіне ықпал ететін 5 негізгі басым бағытты атап өтті.

 

Тасқын судың алдын алуға ұмтылуда

Облыс әкімі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен Целиноград ауданына сапар барысында  БАҚ өкілдері көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарының барысымен танысты.

Жүйелі жұмыс бар

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткен лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі комиссияның кезекті отырысында кейбір олқы тұстарға назар аударылды.

Наурыз – думан, наурыз –той!..

Арқаның ақ таңымен ілесіп, Наурыз мейрамы күні ақмолалықтар облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңына қарай ағылды. «Мереке құтты болсын! Елімізге құт-береке дарысын!», – деп бір-біріне ақжарма тілектерін арнаған қала тұрғындары мен меймандары алаңға көп жиналды. Салтанатты шараға облыс әкімі Мәлік  Мырзалин қатысып, жиналған жұртшылыққа ақ тілегін арнады.