Пәтер кезегі, дәрі-дәрмек…

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері қоғамдық қабылдау өткізді.

Шараға аталмыш департаменттің, облыстық ардагерлер кеңесінің, жастар ресурстық орталығының және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған шараның негізгі мақсаты – халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет көрсету орындарында қызмет алушылардың құқықтары мен міндеттері, оларды жемқорлық әрекеттеріне жол бермеуге шақыру, пара беру немесе алу әрекеттері орын алған жағдайда, құқық бұзғандарға қандай жазалар қолданылатындығын түсіндіру болып табылады.
– Жемқорлық бүгінгі күннің басты проблемасы. Сондықтан, онымен күресті кешенді түрде жүргізген абзал. Оның ішінде жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған бүгінгідей танымдық, насихаттық іс-шараларды көптеп ұйымдастыру нәтиже беретіні сөзсіз, – дейді Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Жанайдар Рамазанов.
Облыс орталығындағы «РИО» сауда ойын-сауық орталығының алаңына аялдаған мобильді қоғамдық қабылдауға келгендер аз емес. Соның бірі – Станционный кентінде тұратын зейнеткер Бикеш Тапаева. Екі мүгедек бала тәрбиелеп жатқан қария он бес жылға жуық уақыт үй ала алмай жүргенін айтып қынжылды. Қарияның айтуына қарағанда, қазіргі кезде жүз жетпіс сегізінші болып үй кезегінде тұр. Осы мәселе бойынша қала әкімінің қабылдауына бірнеше рет жазылып, тиісті нәтиже шығара алмаған.
–  2003 жылдан бері үй кезегіне тіркел-генмін. Содан бері кезек ілгері жылжитын түрі жоқ. Осы мәселемен қала әкімінің қабылдауына жазылып едім. Ондағылар біз айналыспаймыз, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы құзыретіне қарайды деген желеумен шығарып салды, – дейді қария өз сөзінде.
Ал, Көкшетау қаласының тұрғыны Юрий Карпенко болса, жеңілдіктермен берілетін медициналық дәрі-дәрмектің белгіленген уақытында жеткізілмейтінін айтты. Әсіресе, қант диабетімен ауыратындар үшін ауадай қажет инсуллин тәрізді дәрілердің емхана жанындағы дәріханаларда болмауы қиындық туғызып отыр.   
Бұдан соң мобильдік топ жұмысы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратының алдында жалғасты. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың өтінішітерін мұқият тыңдаған мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері тіркеп, заң аясында тексерілгеннен кейін тиісті шара қолданатынын айтып сендірді.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар