7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді тәуелсіз еліміздің елеулі мерекесі – Отан қорғаушылар күнімен  шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – біздер үшін ерекше мереке. Біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестерімізге, аумақтық соғыстарда отты жолдардан өткен ержүрек жауынгерлерімізге, Қарулы Күштеріміздің қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрметпен тағзым етеміз.
Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен еліміздің Қарулы Күштері құрылып, заман талабына сай жарақталды және бүгінгі күні ол мемлекет қауіпсіздігінің сенімді кепілі болып отыр. Қазіргі күні өзінің 25 жылдық мерейтойын тойлап жатқан Қазақстан Қарулы Күштері ел қауіпсіздігіне төнетін қатерлерге тегеурінді төтеп бере алатын және техникалық құралдар мен қару-жарақтың заманауи түрлерімен жабдықталған қуатты құрылым.
Қазақстан әскері өз істеріне берілген, ерліктің, батылдықтың жарқын үлгісін көрсете алатын адамдарды біріктіреді. Әскери қызметкерлер еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтып, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілігін қорғауға лайықты үлестерін қосуда. Өздеріңіз білесіздер, биылғы көктемде Ақмола облысында орын алған табиғи апат кезінде жауынгерлер орасан көп  көмек көрсетті. Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ, Отанға деген сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады.
Қадірлі жерлестер!
Бүгінгі осы бір айтулы күні сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгілік пен игілік тілеймін. Ардагерлеріміздің дені сау болып, сарбаздарымыз мен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!
Мәлік Мырзалин,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

Құрметті әскери қызметкерлер мен
Қарулы Күштердің ардагерлері!  Қадірлі ақмолалықтар!
Сіздерді  ержүректілік пен табандылықтың мерекесі – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!  Бұл күні біз өз өмірін Қарулы Күштерге қызмет етуге арнаған, халықтың тыныштығы мен бейбітшілігін қорғаған және қорғап жүрген жандарға қошемет көрсетіп, құрметтейміз.  
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық мүддені  қорғау және Қазақстанның қорғаныс әлеуетін нығайту – елімізді тұрақ-
ты дамытудың және азаматтарымыздың әл-ауқатты өмірін қалыптастырудың негізі екендігін және осыған орай, тыныштығы-мыз бен қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін Қарулы Күштерімізді заман талабына сай жарақтандырып, кәсіби біліктілігін арттырудың маңызы зор екендігін әрдайым айтумен келеді.  
Сіздердің әрқайсысыңыз өз істеріңізбен ата-бабамыздың және бүгінгі Қарулы Күштеріміздің даңқты әскери дәстүрін жалғастырып келесіздер. Бүгінгідей қуанышты күні сіздердің тәуелсіз еліміздің алдындағы орасан еңбектеріңізге тәнті бола отырып, алдағы уақытта да биік белестерден көріне берулеріңізге шын жүректен тілектестігімді білдіремін. Жас ұрпаққа берер тағылымы мол ардагерлеріміз әрқашан ортамызда болсын. Қарулы Күштеріміз одан әрі нығайып, әр күніміз жақсылық пен бейбіт өмірге ұласа берсін!
Дулат Нұрмолдин,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар