Daily Archives: 10.02.2015

Елу бес жыл журналист атанғалы…

Жиектері оюланған, әдемі тақияның астындағы шаш ақпанда түскен ақ ұлпа қардай аппақ екен. Сексен жастың өзі әуелі шашқа ақ болып кіріп, аяққа тұсау болып байланатын тәрізді ме, қалай. Қимыл-қозғалыс баяулау, әп еткен беттегі әңгіме де саябыр. Жаңа сабақталған әңгімеге жан кіргізбек болып:

«Қаһар» романы және тәуелсіздік

Серік Негимов,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы

Қазақ халқының тарихында бұлағай да бұлыңғыр қасіретті дәуір ХІХ ғасырдың іші еді. Өйткені, отаршылдықтың қанды қармағы қазақтың ұлан-ғайыр жеріне, елдің туын биікке көтерген есті ерлеріне қорғасын бұлттай үйіріліп, қорлық пен зорлықтың жан түршігерлік амал-тәсілдерін қолданды. Түпсіз қара мұхиттай ел қайғысын, замана запыранын, халық тағдырын, қоғам жайын суреткерлік қабілетімен, ойшылдық көзқараспен, ұлт тарихына жан-жақты, толық, байыпты тереңдеуімен батыл қадам жасаған әрі соншалықты үздік, озат ойлы шығарма тудырған Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» атты романы (1969) eді. Бұл – әдебиетіміздің күрделі табысы, «батыл да сәтті роман» (Мәлік Ғабдуллиннің бағасы) туынды ұлттың ой-санасын оятты, тарихи танымымызды байытты, білігіміздің өрісін кеңейтті, ой мен тіл қазынасын көркейтті.

Полицияның үздік инспекторы

Қыр-сыры мол тәртіп сақшысы қызметін таңдаған Ермек Әділов кішкентайынан қарапайым адамдардың қорғаны болсам деп армандайтын. Сол арман оны алысқа жетеледі.

Егінді көп егіп, ерте жинап алады

Аудан әкімі Асқарбек Үйсімбаевтың өңір тұрғындарымен есеп беру кездесуінде әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдетіп, өзекті мәселелерді шешудің жолдары қарастырылды.

Цифрлық технологияларға көшу – уақыт талабы

Биыл Ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» телехабар тарату желісінің іске қосылғанына 4 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында телерадиохабар тарату саласында көптеген өзгерістер болды, жетістіктер де жоқ емес. Осы жағдайларға байланысты туындаған  сауалдарымызды «Қазтелерадио» АҚ Бас коммерциялық директоры Ерлан Жазықбаевқа қойған едік. 

Словакия жеріндегі сәттілік Испанияда да жалғасын тапса екен

ХХVІІ қысқы универсиаданың Словакия жеріндегі бірінші бөлігі аяқталып, жарыстың екінші бөлігі  Испанияның Гранадасына ойысты.

Алаштың сөзін сөйлеген Гер-ағаң да өтті өмірден

Қазақ әдебиеті мен баспасөзі орны толмас ауыр қазаға душар болды. Қазақтың жоғын жоқтаған, өзі  айта алмаған кей сөзін айтқан, болашағы үшін қабырғасы қайысқан, ертеңіне елеңдеген, кешегісін уақыттың шаңынан аршып алып өзіне ұсынған, бауыр басқан, бауырласқан ұлтының рухани әлемі,

Бұл – шынайы қамқорлық

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, «Өмір жолы» жобасы аясында ақмолалық бір топ соғыс және еңбек ардагерлеріне орталықтандырылған «SOS» дабыл қағу тетігі бар ұялы телефондар табыс етілді.

Дамудың дұрыс жолында

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев «2014 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2015 жылдың міндеттері туралы» тұрғындар алдында есеп берді.

Ерейменнің малсақ Айгүлі

Соңғы уақытта «Жаңа Береке» шаруа қожалығы мал шаруашылығын жете қолға алып отыр.

Жетімін жебеген ел едік қой…

Жетім! Осы бір сөздің төңірегінде жиі ойланатын болып жүрмін. Жоқ, өз басым одан аманмын. Ардақты ата-анам, отбасым бар, ошағым бүтін.

Кеңес Одағының Батыры, жазушы-ғалым, академик мәлік ғабдуллин

Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 15 қарашада бұрын-ғы Көкшетау облысының Зеренді ауданындағы Қойсалған ауылында дүниеге келді. 1935 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдағаннан  кейін Отан алдындағы әскери борышын өтейді.