Ерлікке тағзым

Кеше Қазақстан Рес-публикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова  «Ардагерлер ұйымы» Орталық Кеңесі өкілдерімен  Ұлы Отан соғысындағыЖеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық мәселелерін пысықтады.

  Кездесуге «Ардагерлер ұйымы» Орталық Кеңесінің төрағасы Ө.О.Озғанбаев, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы С.Ә.Жасұзақов, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі
Д.Р.Арғандықов қатысты.
Мемлекеттік хатшы соғысқа 1 млн. 200 мыңнан астам қазақстандықтың қатысқанын атап өтті. Жауынгерлік ерлігі үшін жүз мыңдаған қазақстандық ордендермен және медальдармен марапатталды, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры атанды, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен наградталды. 630 мың адам ұрыста қаза тапты, жарақаттар мен аурудан қайтыс болды, хабар-ошарсыз кетті және тұтқыннан оралмады. Яғни, қолына қару ұстаған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс жолында өзін құрбан етті.
Гүлшара Әбдіқалықова 2015 жылғы
1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 4776 соғыс ардагері және 192 980 тыл еңбеккері бар екенін хабарлады. Ол ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «соғыс ардагерлерінің саны азаюда,  сондықтан да, біз олар арамыздан кеткен кезде өкініп қалмау үшін ешбір көмек пен қамқорлықты аямауымыз керек» деп атап көрсеткенін айтты.
Қазақстан Ардагерлері Орталық Кеңесінің төрағасы Ө.Озғанбаев жоспарланған іс-шаралармен таныстырса, мемлекеттік органдар өкілдері соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне түрлі бағытта көмек көрсету жұмыстарының барысы туралы баяндады.
2014 жылғы 28 қарашадағы «2015-2017 жылдардың республикалық бюджеті туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Астана және Алматы қалалары, облыс-тар бюджеттерінің іс-шаралар өткізуге
5 752 023,0 теңге, оның ішінде, бір реттік материалдық көмек көрсетуге – 5 690 183,0 мың теңге көлеміндегі ағымдағы мақсатты трансферттері мақұлданды.
Ұлы Отан соғысына қатысқандардың қабірлерін абаттандыру, ескерткіштерді, мемориалдық кешендерді жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Өңірлердегі 3395 ескерткіштер мен мемориалдық кешеннің 746-ы жаңғыртылды. Олардың жөндеу және жаңғырту жұмыстарына 997 492,0 мың теңге бөлінді.
«Қазақстан темір жолы» АҚ 2015 жылғы 1 мамыр мен 31 желтоқсан аралығында соғысқа қатысушылар мен мүгедектерін  Тальго вагондарынан жасақталған поездардан басқа теміржол көлігі арқылы Қазақстан және ТМД елдері аумағы бо-йынша тегін алып жүруді қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдармен ҰОС қатысушылары мен ардагерлері облысішілік және қалаішілік қатынастар бойынша жолаушылар автобусында тегін жүрумен қамтамасыз етілді. Үстіміздегі жылдың басынан бері Ұлы Отан соғысының 247 қатысушысы мен мүгедегінің тұрғын үйлеріне 31,6 млн. теңге сомасында жөндеу жүргізілді.
Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықова кездесу соңында Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар