Теміржолшылардың зор ықыласы

Елбасының Жолдауының «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ақмола магистральдық желілері бөлімшесінің ұжымы тікелей эфир арқылы тыңдап, танысты.

Бүгінгі таңда еліміздегі теміржол саласы Қазақстан экономикасының күретамыры ретінде кең байтақ еліміз бойынша жүк және жолаушылар тасымалдауды қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, болат жол бойының тарландары мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуына да зор үлес қосуда. Елбасының биылғы Жолдауын ұйып тыңдаған теміржолшылар маңызды құжатта көтерілген міндеттерді зор ықыласпен қабылдады. Әсіресе, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге, баспана мәселесін шешуге бағытталған игі бастамаларына ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар, ақмолалық теміржолшылар Елбасының бұған дейінгі Жолдауында теміржол саласына жүктелген асқаралы міндеттерді де орындауға лайықты үлес қосатындықтарын жеткізді.
– Президент өзінің биылғы Жолдауында экономикалық көрсеткіші жоғары, дамыған 30 елмен иық тірестіруге ұмтылуымыз қажеттігін тайға таңба басқандай атап өтті. Бұл әрине, темір- жол саласына да тікелей қатысты. Өйткені, кез-келген елдің экономикасының дамуында теміржол саласының алар үлесі салмақты. Өңірдегі «Аждар және К» өндірістік кооперативі, «Тұлпар-Talgo», «Локомотив құрастыру зауыты», «Бәйтерек» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен өзге де кәсіпорындар теміржол көлігі саласының тиімді жұмыс істеуі үшін өз үлестерін қосуда. Осындай жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, еліміздің экономикасының дамуына өзінше үлес қосып жүрген ақмолалық теміржолшылар да Елбасының саясатын қолдайды да, қуаттайды да, – деді өз сөзінде «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы Ақмола магистральдық желілері бөлімшесінің персоналмен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Алмагүл Шіркімбай.
Жол бөлімшесі Солтүстік Қазақстанның үш ірі өңіріне транспорттық қызмет көрсетеді. Петропавл және Ресей Федерациясы Оңтүстік Урал теміржолының Зауралье, Новоишим, Қостанай жол бөлімшесінің Есіл, Павлодар жол бөлімшесінің Ерейментау, Қарағанды жол бөлімшесінің Сороковой станцияларымен шектеседі. Бөлімше жүктерді тасымалдау-
ды, транзиттік жүктерді өткізуді, вагондарды дайындап, олардың берілуін қамтамасыз етеді. Жіті қимыл танытудың нәтижесінде жүк айналымы мен жолаушы тасымалы да жыл өткен сайын артып отыр. Жалпы, еліміздегі теміржол саласында бұдан басқа да атқарылып жатқан оң істер жетерлік. Осының бәрі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында қол жеткізіп отырған жетістіктер, деп біледі «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы Ақмола магистральдық желілері бөлімшесінің ұжымы.
Сонымен қатар, ақмолалық теміржолшылар болат жолдың дүрсілі ел экономикасының жүрек қағысы, ел экономикасының өзегі, мемлекетіміздің қуатты жүйесі деп тани білетін Елбасына шынайы ризашылықтарын білдірді.
Аслан ОСПАНОВ.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар