Жолдауға қолдау

Қима ауылындағы Қабдеш Өскенбаев атындағы орта мектептің мұғалімдер ұжымы Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті

Жолдауын зор өрлеумен қарсы алды. Әсіресе, оларды осы бағдарламалық құжатта өздерін көптен бері толғандырған педагог мәртебесіне қатысты мәселенің оң шешілетіні ерекше тебірентті. Елбасының бастамасымен бұл жағдай енді бірнеше айдан кейін жаңа 2019 жылдың өзінде қалыпқа келетіні ұстаздар қауымын қуантпай қоймайды. «Педагог мәртебесі туралы» Заңмен мұғалімдердің сабаққа дайындалатын уақыты да көбейіп, өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге мүмкіндіктері арта түсетіні тұтастай оқу үдерісіне де оң ықпалын молынан тигізе түспекші.

Суретте: биология пәнінің мұғалімі Ю.Васильева, математика және география пәндерінің мұғалімдері Л.Бірімжанова мен С.Сарқанов, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Нұрғалиева Елбасының кезекті Жолдауымен танысып, талқылау үстінде.
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар