Сервистік қызмет сын көтермейді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Досхан Әміренов

журналистермен өткізген брифингте Елбасының биылғы Жолдауындағы міндеттер туралы айтып, «Астана-Щучинск» тас жолының бойында сервистік қызмет көрсетуді дамыту бағытында атқарылған жұмыс қорытындысы жайында баяндап берді.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, өңірде туризмді дамыту бойынша шаралар мемлекеттік бағдарламалардан тыс облыс әкімдігі тарапынан да жүзеге асырылуда. Әсіресе, «Астана-Щучинск» автожолы бойындағы сервистік қызмет көрсетуді дамыту бойынша нақтылы шаралар қолға алынған.
– Республикалық маңызы бар «Астана-Щучинск» тас жолының бойында сервистік қызмет көрсететін 47 нысан болса, осы күні оның 43-і жұмыс істейді. Оның 16-сы жанар-жағармай құю стансасы, 16 – тамақтанатын орын және 11 – сервистік
(дәретхана және сауда нүктесі) павильон, – деді Досхан Әміренов.
Сонымен қатар, ол жұмыс істеп тұрған аталмыш 43 нысанның 29-ы ғана Қазақстан Республикасының «Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары. Жол бойындағы сервис және оның қызмет талаптары» ұлттық стандартына сай келетінін, жыл соңына дейін тағы екі нысанды осы стандартқа сәйкестендіру жоспарланғанын атап өтті. «Астана-Щучинск» тас жолының ақылы бөлігі «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалына қарайды. Ағымдағы жылы аталмыш жолдың бойында «KazWay» 5 сервистік павильоны орнатылыпты.
– Облыс әкімінің тапсырмасымен санитарлық талаптарға сай келмейтін бетоннан тұрғызылған 17 дала дәретханасы сүрілді. Оған қоса, облыстық және аудандық жергілікті атқарушы органдар жол бойында орналасқан сервистік қызмет нысандарын зерттеді және кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді, – деп толықтырды Досхан Әміренов.
Дәретханасы бар жол бойы сервистік қызмет көрсету нысандарына қатысты проблемаларға жедел назар аудару үшін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында жедел желілер жұмыс істейді. Атап айтқанда, call-орталық –
8 (7162) 240022, туристік ақпараттық орталығы –
8 708 801 0000, ақылы автомобиль жолдары дирекциясы – 8 (7172) 436169. Осы телефон нөмірлері арқылы «Астана-Щучинск» тас жолының бойындағы сервистік қызмет нысандарының орналасқан жері туралы ақпарат алуға және бұл нысандарға кірген кездегі туындайтын проблемаларды хабарлауға болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар