Ғалымдар қызу қолдады

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің мәжіліс залында университет ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау жиналысын өткізді. Оның жұмысына университет проректорлары, факультет декандары, бөлім жетекшілері, магистранттар мен студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

Білім ордасының басшысы Марат Сырлыбаев Елбасы Жолдауында айтылған негізгі де нақты міндеттерге, сондай-ақ, Үкіметке жүктелген тапсырмаларды ұжымға түсінікті етіп жеткізді.
Сонымен бірге, кездесу барысында университет ұстаздары Анаргүл Белгібаева, Әліби Шапауов, Нұрбол Қақабаев, Қанат Базаров, Светлана Мұратбекова, Қанат Әбділов және Жанат Дайырова Жолдауда алға қойылған міндеттердің маңыздылығын атап көрсетті. Олардың сөзінде отандық ғылымды дамыту, агроөнеркәсіптік әлеуетті арттыру, жоғары білім беру сапасы, ұлт саулығы, әлеуметтік қолдау және жастар саясатына қатысты мәселелерге кеңінен тоқталды.
Жиналысқа қатысушылар Елбасының тың бастамалар көтеріп, барша қазақстандықтар алдына үлкен міндеттер қойып отырған бұл Жолдауын бірауыздан қолдайтынын және оны жүзеге асыруда белсене қызмет атқаратынын білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар