Аграрлық саланың мүмкіндігі мол

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.

Онда агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек екені айтылған. Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту көзделген. Мемлекеттік қолдаудың барлық тетіктерін елімізге заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тартуға бағыттау қажет. Біз икемді әрі ыңғайлы стандарттарды енгізу және ауыл шаруашылығы саласындағы беделді шетелдік мамандарды – «ақылды адамдарды» тарту арқылы саланы басқарудың үздік тәжірибесін пайдалануымыз керек. Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн.
Үкіметке алдағы 3 жыл ішінде осы мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қарастыру тапсырылды.
Алдағы 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажет екені айтылды.
Әсіресе, Мемлекет басшысы өз Жолдауын Қазақстан халқына жолдап отырған сәтте ауылдың жағдайын бір кісідей білетінін, өйткені, өзі де ауылда туып-өскенін риясыз көңілмен, тіпті мақтаныш сезіммен айтқаны – барша ауыл тұрғындарының ризашылық сезімін туғызды деп есептеймін және ауылға деген қамқорлық пен қолдау ұдайы, үздіксіз бола беретінін түсінуге болады.
Сонымен осы стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттерін табысты шешуге игі ықпалын тигізетініне сенім мол.
Сондықтан, біздің астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы ғалымдар ұжымы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа арнаған биылғы Жолда-
уын бірауыздан қолдайды және ол дер кезінде қабылданған бағдарламалық құжат екеніне шүбә келтірмейді.
Алдаберген ҚИЯС,
A.И. Бараев атындағы Шортанды астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ауыспалы егіс
зертханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар