Нақты бағдарды анықтап берді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауын білім саласының қызметкерлері тікелей эфирден тамашалап, Жолдауда айтылған тың бастамалар қызу қолдау білдірді.

Жарқын болашаққа бастар осы айқын жолмен алға жылжысақ, келешек ұрпақ үшін алаңдамауға болады дейді тікелей эфирді тамашалаған білім саласының қызметкерлері. Басты мақсат, міндеттер мен басым бағыттар айқындалған Жолдауда Президент еліміздің әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғанын атап өтіп, әрбір міндеттің нақты даму жолын көрсетіп отыр. Еліміздің алдында үлкен міндет – дамыған 30 елдің қатарынан көріну мақсаты тұр.
Қазақстан Президентінің халыққа арналған барлық Жолдаулары тың идеяларға толы. Қазіргі таңда жастар жан-жақты дамыған, бірнеше тілді білетін, заманауи технологияларды меңгерген білімді маман ретінде қалыптасуы үшін біздің мемлекетімізде барлық жағдайлар жасалынған. Жолдауда қарастырылған барлық басымдықтарды тұтастай қолдаған білім саласының қызметкерлері, олардың жүзеге асуына атсалысуымыз қажет дейді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар