Белсенділік танытып отыр

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Абай Әлжанов Еркіншілік ауылдық округінде болып, жұртшылықпен кездесу өткізді. Шараға жергілікті тұрғындар, білім, денсаулық сақтау, бизнес және спорт саласының өкілдері қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерге тоқтала келе, онда ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, әлеуметтік жағынан қолдау жайына жете көңіл бөлінгендігін атап өтті. Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, басшылардың жұмыс тиімділігін көтеру сияқты маңызды мәселелер де қамтылған.
Екі жақты пікір алысу түрінде өрбіген кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары көпшілік тарапынан қойылған көкейкесті мәселелерге жауап берді. Оның ішінде жалақының өсуі, жайлы тұрмыс ортасын құру, тұрғындардың сұранысын негізге ала отырып қызмет көрсету сапасын арттыру, әрбір азаматтың елімізде жүргізіліп жатқан қайта құруларға белсене қатысуын қамтамасыз ету сияқты маңызды мәселелер бар. Кездесу соңында Абай Әлжанов жұртшылықты еліміздің болашақ дамуына үлкен ықпалын тигізетін Елбасы Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда бірлесе белсенді әрекет жасауға шақырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар