Халық руханиятына көңіл бөлінуде

 9 сәуір күні Қазақстан Республикасының  Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Оңтүстік Қазақстан облысына сапарының екінші күнінде ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен және Шымкент кәсіпорындарының жұмыскерлерімен кездесті.

  Делегация құрамында Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, спортшылар бар.
Кездесу барысында Шымкент кардиологиялық орталығының бас дәрігері Спандиар Бекжігітов Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан сапалы өзгерістер өмірдің барлық саласына, әсіресе медицинаға оң әсер еткенін атап өтті.
«Бізде озық ауруханалар мен емханалар салынуда. Мәселен, біздің тұрғындарға енді ота жасау үшін Астанаға барудың қажеті жоқ. Нұрсұлтан Назарбаевтың осы салаға көңіл бөлуінің арқасында Шымкент кардиохирургиялық орталығы үздік еуропалық жабдықтармен қамтамасыз етілген, біздің дәрігерлер шетелде дайындықтан өтті және қазіргі таңда күрделі оталарды біз өзіміз жасаймыз», – деп атап өтті С.Бекжігітов.
Оңтүстікқазақстандық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі Игорь Вербицкий Мемлекет басшысының мәдениеттің дамуы мен халықтың руханиятына әрқашан ерекше көңіл бөлгенін, ал, тәуелсіздік жылдарында елде жүздеген мәдениет нысандарының салынғанын атап өтті. Осылайша, Оңтүстік Қазақстан облысында «Түркістан» салтанат сарайы, «Көрме орталығы», облыстық «Отырар» кітапханасы, Салт-дәстүрлер орталығы, тарихи-өлкетану мұражайы, этномәдени саябақ пен Жұмат Шанин атындағы драма театр ашылды.
«Өнер адамы үшін ең қымбаты – өз ойын еркін білдіру мүмкіндігі. Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанда осыған үлкен көңіл бөлінеді. Біздің мемлекетіміздің басшысы – рухы биік адам. Біз мұны жоғары бағалаймыз! Көшбасшымыз бүкіл елге ғана емес, әрбір қазақстандыққа қамқорлықпен қарайды», – деп мәлімдеді И.Вербицкий.
Түстен кейін РҚШ мүшелері Шымкент қаласының индустриялық аймағының аумағында орналасқан кәсіпорындардың жұмыскерлерімен кездесті. Мемлекет басшысының көрсеткен қолдауының арқасында оның аумағында 74 миллиард теңгені құрайтын 60-тан астам жоба іске асырылып отыр.
Кездесу барысында жергілікті кәсіпкерлер біздің елімізде Президент бизнестің дамуы үшін барлық қажетті шараларды жасағанын атап өтті.  Нәтижесінде тек Оңтүстік Қазақстанның өзінде кәсіпкерлік саласы бір миллион үш жүз мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.
Атап айтқанда, «Фирма «Дана» ЖШС директоры Мамадияр Қадырбеков аз ғана уақыттың ішінде индустриялық аймақ аумағында шыны зауытын құрып шыққанын айтты. «Мен өз басым Президенттің қолдауын көрдім деп сеніммен айта аламын. Себебі, маған бұл жақтан коммуникациялары бар жер берілді, жұмысқа ыңғайлы жағдай жасалды. Егер Нұрсұлтан Назарбаев өнеркәсіпшілерді қолдамағанда, бұның бірі де болмас еді», – деді М.Қадырбеков.
Өз кезегінде «Тұран Скин» компаниясының жұмысшысы Татьяна Летуновская Президентке еңбек адамына деген қамқорлығы үшін шынайы алғысын білдірді. «Мен шетелдерде зауыттардың жабылып, адамдардың жұмыссыз қалып жатқанын теледидардан көргенде түршіге қараймын. Елбасына бізді осындай келеңсіздіктен қорғап, жұмыс орындарын ашып жатқаны үшін алғыс айтамыз», – деді Т.Летуновская.

 

 

Кеше, 10 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Қызылорда облысына барып, Сыр өңірінің облыс активімен, теміржолшыларымен және фермерлерімен кездесулер өткізді.

 

Делегация құрамында Қазақстан Республикасының  Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, Қазақстан Республикасының  Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдері, белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, спортшылар бар.
Қызылорда облысының активімен кездесу Нартай Бекежанов атындағы драма театр ғимаратында өтті. Сыр өңірінің тұрғындары аймақтың дамуына Елбасының ерекше еңбек сіңіргенін атап өтті.
Мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шаухаманов Арал теңізін құтқару бойынша Президенттің жасаған еңбегіне облыс тұрғындарының дән риза екендігін жеткізді.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынған бөгеттің арқасында су қоймасындағы судың деңгейі 12 метрге көтерілді, ал, Арал қаласы мен теңіз арасындағы арақашықтық 100-ден 20 шақырымға дейін қысқарды. Өңірде балық шаруашылығы қайтадан жандана бастады», – деді С.Шаухаманов.
«Тоқсаныншы жылдары Арал проблемасы бүкіл әлемдік қоғамдастықты толғандырды, бірақ, Мемлекет басшысы тұтас бір өңірді құтқарып, оның жаңа өміріне дем берді», – деп атап өтті «Арал балық» зауытының жұмыскері Айшабақ Бәйтімова.
Сондай-ақ, РҚШ мүшелері вагон жөндеу депосында болды.
«Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» стратегиялық жобасы – теміржол тарихына алтын әріппен жазылған жоба. Кезінде осы арақашықтықты қосу арман ғана еді. Бүгінде Елбасы осы арманды жүзеге асырды. «Сексеуіл-Қоскөл» темір жолы 363 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Соның ішінде мен де бармын, жас маман ретінде Сексеуіл стансасында жас жұмысшыларға арнап салынған жаңа үйден пәтер алдым. Жаңа магистральдар – тәуелсіздігіміздің үлкен жетістігі, бұл Елбасының еңбегі!» – деді жас теміржолшы Нұрлан Өрекешев.
Кездесуде автожолшылар атынан «Қазжолжоба» ЖШС жұмысшысы Юрий Немченко сөз алды. Ол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» мега жобасы мен «Қызылорда-Жезқазған» автожолының өңір үшін тарихи рөлі туралы әңгімелеп берді.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылған өзінің ауқымы бойынша теңдесі жоқ жобалар мыңдаған қызылордалықтарға жұмыс тауып берді, сондай-ақ, ең бастысы олар нағыз «өмір жолына», тұтас бір облыстың «асыраушысына» айналды», –
деп тоқталды Ю.Немченко.       
Түстен кейін РҚШ мүшелері аймақ фермерлерімен кездесті. Олар аграрлық секторға қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді.
«Бүгінгі күні ауылдағылар өз болашағына кәміл сенеді, өйткені, өз бизнесіңді дамыту үшін барлық жағдай жасалған, шаруалар егін егіп, мал шаруашылығын дамытып, ертеңгі күніне, өздерінің Көшбасшысына сеніммен қарайды, өйткені, Елбасының саясаты жасампаздық пен жетістікке бағытталған», – деп атап өтті сөйлеген сөзінде Жалағаш ауданының фермері Әліби Бекжанов.
Қызылорда облысының тұрғындары 26 сәуір күні Ұлт Көшбасшысына дауыс беретіндіктеріне сендірді, өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің кепілі болып табылады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар