«Ғарыш әлеміне саяхат»

Көкшетау қаласындағы №6 «Нұрай» бала бақшасында 12 сәуір – Ғылым күніне орай «Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбында ашық сабақ болып өтті.
Ғарыш әлемі туралы түсінік қалыптастырып, балалардың білімдерін кеңейту, олардың таным белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған ашық сабаққа «Наурыз» тобының  тәрбиеленушілері қатысты. Балалар ғарыш әлеміне қызығушылық танытып, түрлі қиял сезімдерге берілді. Ал, көрнекілігімен мазмұнды өткен ашық сабаққа тәрбиешілер мен ұстаздар тарапынан жақсы баға берілді.

Жансая ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ,
№6 «Нұрай» бала бақшасының тәрбиешісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар