Сенбілік тазалыққа септеседі

 

Өткен сенбі күні облыста елді мекендерді көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі көктемгі дәстүрлі  айлық аясында жалпы облыстық сенбілік болып өтті.

 

Көкшетау, Степногорск қалалары мен аудандық әкімдіктердің ақпараты бойынша облыс аумағын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша 400 елді мекенде сенбілік өтіп, оған 41047 адам қатысқан. Тек ауа райының қолайсыздығынан Атбасар, Есіл, Жақсы аудандарында сенбілік кейінге шегерілді.  Бұл жұмысқа 572 бірлік техника жұмылдырылып, 15228 текше метр қоқыс шығарылған.  Сондай-ақ, 14384 түп ағаш  отырғызылды. Осы орайда, ауа райының қолайсыздығына қарамастан,  көкшетаулықтар да жаппай сенбілікке шығып, облыс орталығының аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша  тиісті жұмыстар атқарды. Үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілуіне орай Көкшетау  қаласы бойынша 8803 адам сенбілікке шығып, жұмысқа 100 техника бірлігі тартылды.
Қала аумағын тазартуға мемлекеттік мекемелер, коммуналдық кәсіпорындар, бюджеттік ұйымдар, жоғары, орта білім ордаларының студенттері мен оқушылары және қала тұрғындары өз үлестерін қосты.  Қала көшелері мен ғимараттар маңы шаң-тозаңнан, күл-қоқыстан тазартылды.  5318 түп ағаш әктеліп, ретке келтірілді. Сондай-ақ, «Мәңгілік алау» мен «Даңқ» аллеясында, Абай көшесі мен орталық паркте сібір шыршасы, қарағай, ақ қайың, терек ағаштарының көшеттері отырғызылды. Ағаш көшеттерін отырғызуға облыс, қала әкімдері, облыстық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, еңбек ардагерлері, Көкшетау қаласының құрметті азаматтары мен қалалық мәслихат депутаттары қатысып, жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, игі істің бастамашысы болғанын да ерекше айтып өтуге болады.
Красноярға дейінгі тас жолдың бойындағы саяжай маңы, Сәдуақасов көшесінің бойында орналасқан саябақ, Абай көшесіндегі Досмағамбетов атындағы сквер мен орталық саябақ аумағы қоқыстан тазартылды.  
«Көкше Жәрдем» кәсіпорны мемлекеттік және бюджеттік мекемелер мен ұйымдарға 3 мың тонна әктас пен
5 мың қап таратты. Бұл ретте  Әуезов, Абай, Әуелбеков, Горький көшелерінің бойында сенбілік ерекше қарқынмен жүргізілгенін баса  айтқан жөн.
Тағы бір айта кетерлігі, Аршалы, Бурабай, Астрахан аудандарында да сенбілік өз дәрежесінде өтті. Мәселен, Аршалы ауданы бойынша 5740 адам сенбілікке шығып, 34 техника жұмылдырылған. 1435 текше метр қоқыс шығарылып, 351 түп ағаш отырғызылған. Ал, Бурабай ауданында сенбілікке шыққан 6038 адам мен 47 техниканың күшімен 320 текше метр қоқыс шығарылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар