Сарбаздар сынағы

Елбасының Жолдауында еліміздің қорғаныс қуатын арттыру мәселелері де қамтылған. Бейбітсүйгіш ел болғанымызбен, Қарулы Күштеріміз осы заманғы талаптарға сай болуы керек.

Ұлттық Ұланның №5510 әскери бөлімінің 3 атқыштар ротасының жеке құрамы қорытынды тексерістен өтті.
Тексеріске «Орталық» өңірлік қолбасшы-лығының жауынгерлік дайындық басқармасының бастығы, подполковник Асылбек Шайкамалов басшылық жасады. Сонымен қатар, тексеруді жүргізуге бөлім командирінің орынбасары, подполковник Асылбек Юсупов, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің бастығы, майор Данияр Тоқтаров, майор Берік Олжанов, дене тәрбиесі және спорт қызметінің бастығы, лейтенант Шынболат Тасболат қатысты.
Тексеріс барысында рота командирі, капитан Сейітжан Әбдікәрімов жеке құрамды сапқа тұрғызып, алдымен, әскери қызметшілердің сырт-келбеті, Жарғыны білуі, саптық дайындық және ән орындау шеберліктеріне мән берілді. Одан әрі жауынгерлер дене шынықтыру, құқықтық білім, атыс, сапта жүру, тактикалық дайындықтар бойынша сынақтардан өтіп, әскери-оқу жаттығуларын ойдағыдай меңгергендерін көрсетті.
Ағымдағы бақылау нәтижелерінің негізінде әскери қызметшілердің кәсіби даярлығы мен мүмкіндіктері тиісті бағасын алып, үздік нәтиже көрсеткендерге марапаттар жарияланды. Тексеріс соңында біздің рота, сол сияқты тұтастай бөлімнің атқарған жұмысы оң қорытыланды.
М.АХМЕТОВ,
№5510 әскери бөлімі
рота командирінің орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар