Колледж оқытушыларының оқу құралдары

Өткен жылдың аяғында on-line тәртібінде орта кәсіптік білім беретін медицина колледжі студенттері үшін Көкшетау жоғары медициналық колледжі оқытушылары У.Ибраевтың «Хирургиядағы медбике ісі», «Хирургиялық аурулар» және О.Колесникованың «Коммуникативтік қарым-қатынастар тренингі» оқу құралдарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Соңғы ұстаздың оқу құралы жаңа форматтағы мұғалімдер мен психологтардың тәжірибесін біріктіреді және қазіргі заманғы психологтың коммуникативтік дағдысын дамытудағы жұмысының тиімділігін арттырады. Сонымен қатар, осы шарада оқу орнының баспасөз хатшысы Г.Салықтың Көкшетау жоғары медициналық колледжінің мерейтойына арналған «Қызықты оқиғалар калейдоскопы» және «Мейірбандық және ержүректілік» атты кітаптары ұсынылды. Келесі жылы колледж өзінің 70-жылдық мерейтойын атап өтетіндігі белгілі.
Гүлбаршын Салық Ақмола облысына белгілі өлкетанушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Республикалық, облыстық, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында автордың мақалалары жиі жарық көреді. Оның қаламынан «Ақмола полициясының қазіргі және өткен тарихы» (2008), «Ерекше полиция қызметі» (2010), «Батыл істер қызметі» (2012), «Көкшетау – жан дүниеміздің емдеушісі» (2015) және тағы басқа кітаптар шыққан. Өткен жылы да Гүлбаршын Салық Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған жаңа деректі басылым дайындады. Автордың «Мейірбандық және ержүректілік» атты жинағында Флоренс Найтингейл халықаралық медалімен марапатталған әскери медбикелер мен Ауған соғысының медбикелері туралы жазылған. Ал, үшінші басылымы дайындалып жатқан «Ақмола жерінің адамдары» кітабы туған өлкенің жасампаздығы туралы сыр шертеді.
Кітап жастар мен үлкендерге арналған. Сондай-ақ, туған өлкенің тарихына қызығушылық танытатын оқырмандарға да қызғылықты болары сөзсіз. Тұсаукесер рәсімінде сөз алған жоғарыдағы авторлардың әріптестері қалам иелерінің осы бір құлшыныстарына тоқталып, алдағы уақытта да биіктен көрінулеріне тілектестіктерін білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар