«Жарқайың ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Жарқайың ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, санаты Е-4, 1-бірлік.
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 59579 теңгеден 80720 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Аудан әкімі аппаратының жұмыс жоспарының орындалуын бақылау. Әр түрлі мәжілістердің дайындығы. Облыс және аудан әкімдерінің тапсырмаларының орындалуына бақылауды ұйымдастыру. Әкімдік мәжілісін дайындау. Ауылдардың және ауылдық округтер әкімдерінің есептерін уақытылы тапсырылуын бақылау, олардың сараптамасын жасау. Аудан әкімі аппаратының жұмыс жоспарын, әкімдіктің мәжілістерін құру. Аудан әкімі аппараты басшысының, бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технология  саласындағы жоғары білім.
Орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік қызметтің кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда жіберіледі.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 Бұйрығымен бекітілген «Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары» негізінде өткізіледі.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылардың қатысуына рұқсат етіледі. Байқаушы ретінде тіркелу үшін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне өтініш білдіру қажет.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға мынадай құжаттарын тапсырады:
1) осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан-дағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен осы қағидалардың 3-қосым-шасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) белгіленген нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама (№ 086/У);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны Жарқайың ауданы әкімінің аппаратында үміткердің әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабардар еткен күннен бастап
5 жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінде конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап
10 жұмыс күні ішінде ұсынылуға тиісті.
Конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетін орынға бару және кері қайту, тұру және т.б.) азаматтар өз қаражаты есебінен төлейді.
Мекен-жайы: 21100, Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ленин көшесі, 34, анықтама үшін телефон нөмірі: 8 (71648) 9-22-83, факс: 8 (71648) 9-16-81, электрондық пошта: zharkain_yp@mail.ru

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар