Көкейдегіні дөп басқан Жолдау

Парламент палаталарының бірлескен ашық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2030 жылға қарай суармалы жерлердің көлемін 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуды тапсырды. Осы тұрғыда ауыл шаруашылығына шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы ғылымындағы жағдай ерекше назар аударуды талап ететінін атап өтті. Онсыз біз ұлттың келешектегі дамуын қамтамасыз ете алмаймыз. Үкімет бұл проблеманы шешуге ғылыми-зерттеулердің деңгейін арттыру және соны практикада қолдану тұрғысынан қарағаны жөн.
Біздің орталық қызметкерлері Мемлекет басшысының идеяларын толығымен қолдай отырып, ол агроөнеркәсіп кешені мен ғылымды дамыту саласында дұрыс міндеттер қойды деп санайды.
Қазіргі таңда А. И. Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталық Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде суармалы полигон (ақылды полигон) құру мәселесі бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл жұмысты біз Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп жүргіземіз. Ол үшін «Valmont» американдық ТҰ компаниясымен келісім жасадық және бүгін біз олармен нақты суару саласында ынтымақтастыққа қол қойдық. Жоба ауыл шаруашылығы дақылдары мен ирригациялық жүйелерді өсірудің жаңа инновациялық агротехнологияларын, сондай-ақ, біздің орталықтың базасында мониторинг және бақылау технологияларын көрсетуге бағытталған. Компания ғылыми орталыққа жаңа буын үш жаңбырлатқыш қондырғысын жеткізді. Жаңа агрегат өнімділікті арттыруға және су ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жобаға сәйкес, ҒӨО базасында үш мың гектар жер суарылатын алқап болмақ. Біздің алдын ала ғылыми ізденістеріміз бойынша мұндай жобалар елдің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Осы ретте, бұл жоба тек астық дақылы ғана емес, сондай-ақ, әр тараптандыру бағдарламасына қатысатын ауыл шаруашылығы дақылдарын нақты суарудың арқасында жүзеге асырылады. Атап айтқанда, солтүстікте соя, Орталық Қазақстанда – жасымық, Түркістан облысында – жүгері мен мақта дақылдары. Бұл жоба Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне шетелдік инвестицияларды тартуға серпін беретіні қуантады. Бұл туралы Президент өзінің Қазақстан халқына Жолдауында да атап өтті. Ауыл шаруашылығында суарудың рөлі айтып жеткізгісіз. Қазіргі жағдайда онымен өнімділігі аз жерлерді түбегейлі жақсартуға және оларды жоғары өнімді жерге айналдыруға болады. Ал, бұл – экономикалық мақсаттылықтың негізі.
Әлемдік ауыл шаруашылығы саласы заманауи жағдайда өндірілетін өнімнің ғылымды қажетсінуін күшейту бағытында дамып келе жатқандықтан, бұл жағдайда Қазақстанға да даму институттарында, ғылыми орталықтарда және технологиялық жобаларда жетекші ғылыми бағдарламаларды практикалық тұрғыдан байланыстыру қажет. Саланың тиімділігін арттыруға бағытталған агросекторды инновациялық дамытудың объективті де шынайы, мемлекет жақсы қолдайтын осы заманғы стратегиясы қажет. «Ақылды» суландыру, тыңайтқыштарды қолдану және ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруды енгізу жағдайында ғана елеулі табыстарға қол жеткізуге және ауыл шаруашылығын, соның ішінде егіншілік саласын әлемдік деңгейде толық бәсекеге қабілетті етуге болады.
Кенже АБДУЛЛАЕВ,
А.Бараев атындағы ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры, профессор.
Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар