Ертегі әлеміне саяхат

Жаңа жыл – бұл барлық адамдар үшін көңілді мереке, ғажайыпты күту уақыты, жақсылыққа үміт арту және ертегіге деген сенім. Бұл күндері әрқайсымыз бір-біріміздің көңілімізді көтеруге асығамыз.

Жаңа жыл мерекесін, әсіресе, балалар асыға күтетіні белгілі. Біз «Еркемай» балабақшасының тәрбиешілері балаларға жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырып, бүлдіршіндерді бір қуантып тастадық. Мерекелік кеште ән де айтылды, би де биленді. Сонымен қатар, балалар көңілді ертегі әлеміне саяхат жасады. Ертегінің басты кейіпкерлері балалар болды.
2020 жыл барлық бүлдіршіндер үшін табысты болсын, қуанышқа толы болсын дегіміз келеді.
Салидат ӘБІЛҒАЗИНА,
«Еркемай» балабақшасының №11 «Талап» тобының тәрбиешісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар