68 жоба қолдау тапты

Биылғы жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде облыста мемлекеттік субсидия алу үшін жалпы құны 3 миллиард теңгенің 68 жобасы қолдау тапты. Оның ішінде «Даму» қоры арқылы жалпы сомасы 1,9 миллиард теңгеге 69 кепілдеме берілді.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы қолға алынғаннан бері (2010 жылдан бастап) Ақмола облысында 140,4 миллиард теңгенің 1182 жобасы қолдау тапты. Мемлекеттік қолдау шараларымен облыстың барлық өңірлері қамтылды, оның ішінде Көкшетау, Степногорcк қалалары мен Бурабай, Целиноград, Зеренді, Атбасар, Бұланды және Ақкөл аудандары белсенді қатысты.
Өңірде мемлекеттік бағдарлама бойынша қаржылай көмек алған ірі кәсіпорындардың арасында «Новопэк» ЖШС, «Елім-ай 2005» ЖШС, «Ақмола-Феникс» АҚ, «Макинск құс фабрикасы» ЖШС, «Импульс СТ» ЖШС, «Авиценна – Бурабай» ЖШС, «Аскоп» ЖШС бар.
Ақмола облыстық кәсіпкерлік және
өнеркәсіп басқармасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар