Қазақстан италиялық жетекші «Bonifiche Ferraresi» агрохолдингімен серіктестікті нығайтуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италия Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Bonifiche Ferraresi» агрохолдингінің бас директоры Федерико Веккьонимен кездесті.

Алдын ала келіссөздер нәтижесінде «Агрофирма TNK» және «Bonifiche Ferraresi» холдингінің еншілес компаниясы «BF International Best Fields Best Food Limited» компаниялар тобы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстандық компания Ақмола облысында 400 мың гектар жерде ауыл шаруашылығы өнімін өндіреді және ол қазақстандықтарға ұн, жарма, ашытылған сүт және басқа да өнімдер шығарылатын «Жақсы» сауда маркасымен белгілі.

Итальяндық холдинг ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірумен және маркетингпен айналысады. «Bonifiche Ferraresi» халықаралық аумақтарда өз қызметін кеңейту және дамыту стратегиясын бекітті, нәтижесінде «Агрофирма TNK»-мен меморандумға қол қойылды.

Серіктестіктің бірінші кезеңінде компаниялар технология, тұқым, қызметкерлерді оқыту саласында тәжірибе алмасуға ниетті, ал, келесі кезеңде қайта өңдеуді дамыту, оның ішінде макарон өндірісі қарастырылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда макарон өнімдерінің өндірісі 40 кәсіпорын ұсынады, олардың ең ірілері шикізат ретінде ақуыз бен темірдің жоғары құрамымен ерекшеленетін қатты сұрыпты бидайдан жасалған ұнды пайдаланады. Мұндай ұннан дәстүрлі италиялық макарон жасалады.

–Қазақстанда макарон өндірісі мен экспортын ұлғайту үшін барлық мүмкіндіктер бар, өйткені өз шикізат базасы бар. 2022 жылы Қазақстанда 15,6 миллион тонна жұмсақ бидай және 833 мың тонна қатты бидай өндірілді, оның 400 мың тоннасы Италияға экспортталады, бұл макарон өндірісінің көлемін ұлғайтуға, оның ішінде экспортты кеңейту мақсатында жеткілікті, – деп түсіндірді Айдарбек Сапаров.

Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі италиялық серіктестер үшін Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалды атап өтті. Атап айтқанда, инвесторлар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметімен тікелей инвестициялық келісім жасай алады. Мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін салалық жеңілдіктер мен преференциялар қарастырылған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар