Қазақ білсін!

Тұрмыс-салт дәстүрлері

Күзем шай. Қазақтар кез-келген шаруаның басталып-аяқталуын ескерусіз қалдырмаған. Мысалы, қырықтық аяқталғанда бір үйден соң бір үй «күзем шай» берген. «Күзем шай» – қырықтық мейрамы. Бұл мейрамды ауыл адамдары өте көңілді өткізген: ән салып, түрлі ойындар ұйымдастырған. «Күзем шай» – жастарды еңбекке, ұйымшылдыққа баулыған.
Кеусен. «Кеусен» – егіннен мол өнім алған уақытта туысқандарына, дос-жолдастарына, ауылдастарына өзінен артылғанын бөліп беру. Бұл да қазақтың мырзалығын көрсетеді.
Келі түбі. Бұрын егін орағы, май айыру кезінде көмек көрсеткен ауыл адамдарына сый-сияпат көрсетілген. Мұны «келі түбі» деп атаған. «Келі түбі» ретінде алынған өнімнен азын-аулақ үлес (май, ұн, бидай, т.б.) беріледі.
Көген той. «Көген той» – көктемде мал төлдеп, көк шыққан уақытта өткізіледі. Ауылдың үлкен-кішісі көктемді қуанышпен қарсы алып, дастарқан жайып, бір-біріне жақсы тілектер айтады. Мал басының көбеюуін, жақсы көңіл-күй болуын тілейді. Үлкендер өзара кеңес құрып, малды қай жайлауға шығару туралы әңгіме-дүкен құрады.
Қазақ тамаққа байланысты үш түрді атайды: ақ – сүт, сүт тағамдары; көк – бау-бақша өнімдері, жеміс-жидек, көкөністер; қызыл – ет, ет тағамдары. «Көген тойында» әйелдер ақ түсті таңдайды. Сондықтан, тойға жиналғандар байлауышты ақпен байлайды. Бұл – ақтың мол болуына, мал басының аман болуына тілектестікті білдіреді.
Жылқы күзеу. Ежелден келе жатқан дәстүрдің бірі – «жылқы күзеу». Ол әдетте көктемде басталады. Күзеуге жас жылқы малы: құлын, тай, байтал жатады. Ал, үлкен мініс жылқылары мен шаруаға жегілетін жылқылар жатпайды. Жас байталдар қысқа әрі сатылып қырқылып, құйрық түбі қысқартылады, ал құйрығының ұш жағы шыбын үркітуге керек болғандықтан оған тиіспейді. Оны «шыбын қағар» деп атайды. Тайдың құйрығын қырықпайды, жалын ғана қырқады. Кей жерлерде буаз биелерді де қырқады. Оны «бой түзеу» деп атайды. Құлындар еркек, ұрғашы демей бәрі қырқылады. Жоғарыда айтқанымыздай, мініс аттары мен жұмыс аттарын қырықпайды. Себебі, ол жаман ырым, егер олар қырқылса иесіз қалады деген наным бар. Ат иесіз қалса оны «тұлдап», иесінің жылына соя-
ды. «Тұлдау» – қаралы (азалы) болғанның белгісі.
Қол кесер. Дәстүр бойынша шаруашылыққа көмекке келген адамды еңбекақысыз жібермеген. Шаруаның ауыр-жеңіліне қарамастан тиісті ақысын берген. Оларды «келі түбі», «қол үздік» деп атаса, «қол кесер» де солардың қатарына жатқызылады. «Қол кесер» соғым сойған, етті мүшелеген адамға беріледі. Әдетте оның үлесіне сойылған малдың ауыз омыртқасы тиесілі болған.
Соғым сою – отбасы үшін үлкен қуаныш, мереке күн болған. Соғым сойылған күні қуырдақ жасалып, көрші-қолаң шақырылады. Сөйтіп, бұл бас қосу арқын-жарқын көңілді отырысқа айналады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар