Жерлесіміз – күміс жүлдегер

Ерейментаулық Ерхан Ғаббасов дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі орыннан көрінді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Тараз қаласында өткен жарысқа 200 дзюдошы қатысып, бақ сынады. Олардың арасында жерлесіміз Ерхан Ғаббасов 60 келіге дейінгілер арасында күміс жүлдегер атанды.
Жерлесіміз татамиде алты кездесу өткізіп, оның бесеуінде жеңіске жетті. Тек ақтық бәсекеде алматылық қарсыласына есе жіберіп алды.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының»
өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар