Жас шахматшыға құрмет көрсетілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы О.А.Черепанованың мемориалының«Б» республикалық турнирінде бірінші орын алған Көкшетау қаласындағы Әл-Фараби атындағы ІТ-лицейінің 6 сынып оқушысы Әл Искандерді құттықтады.

Әл Искандер 7 жасынан бастап шахматпен айналысады, жасөспірімдер арасында облыстың үш дүркін чемпионы. Мектеп лигаларында үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Өткен жылы мектеп командалары арасындағы республикалық чемпионатта екінші орын алды, сонымен қатар, «классикада» Қазақстан Республикасының Балалар Кубогында екінші орын және «блиц» номинациясында бірінші орынды жеңіп алған.

2022 жылы Әл Искандер 10 жасқа дейінгі балалар арасында өткен «Winter cup» республикалық турнирінде, Қостанайда Уфимцев мемориалында бірінші орындардан көрінсе, Ғабит Сатмағанбетов атындағы қайырымдылық фестивалінде үшінші орынды иеленген.

Шахматта үлкен жеңістерге жетуге оған математикадағы терең білімі көмектеседі, бұл әртүрлі деңгейдегі олимпиадалардағы жүлделі орындармен расталып келеді. Шахмат федерациясы облыстық филиалының атқарушы директоры, халықаралық гроссмейстер Серік Темірбаев оған үлкен үміт артып отыр. Қазіргі уақытта Әл Искандер Қазақстан Кубогы мен Азия чемпионатына дайындалуда.

Мәслихат және облыстық шахмат федерациясының төрағасы Б.Жүсіпов жас шахматшыға естелік сыйлық және оның ата-анасына Алғыс хатын тапсырып, одан әрі үлкен табыс және жаңа жеңістер тіледі. Сондай-ақ,  ол Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың кешенді жоспарына сәйкес 2027 жылға қарай бастауыш сынып оқушыларының 20 пайызыншахмат сабақтарымен қамту, білім беру ұйымдарында кемінде 200 шахмат клубын ашу күтіліп отырғанын атап өтті.

Кездесуге қатысқан Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Умар Шоназаровпен Көкшетау қаласының депутаты Гүлайым Есенова да Әл Искандерді құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар