Жастар атаулы күннен тыс қалмады

Биылғы жылғы бекітілген «Наурызнама» онкүндігінінің бір бөлімі – Қайрымдылық күні болатын. Аталмыш күн қайырымдылық, мейірімділік пен тату көршілікті насихаттауға арналған.

Наурызнаманы мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, қадірін арттыру аса маңызды. Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі – адамдардың бір-біріне жанашырлық танытып, өзара көмек көрсетуі қоғамды айрандай ұйытып, бір ел, бір халыққа біріктіреді. Осыған орай, 15 наурыз – Қайырымдылық күнінде жұмысымен айналысатын облыстық «Жастар-ресурстық орталығы» қаламыздың тазалығымен айналысып жүрген жандарға ыстық шай мен бауырсақ таратып, бойларын жылытып, көңілдерін көтерді.

– Шынында, күннің суығына,ауарайының қолайсыздығына қарамастан,қаламыздың тазалығы үшін жасап жатқан ерең еңбектері елеулі деп білемін. Сол себептен де бүгінгі Қайырымдылық күні аясында дәл осы жандарға осындай игі іс жасағанымыз дұрыс деп санаймын, – дейді өз сөзінде «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесінің маманыДидар Хамзин.

Таңмен таласа тұрып, күн шығып, қалада тіршілік басталғанша көшелер мен жолдарды тазалайтын жандарға қолдау көрсетіп, осылай ыстық ықылас пен ілтипат білдіру – құптарлық іс. Халқымыз әуел бастан ұрпақты қайырымды, мейірімді, рақымды болу сияқты адами қасиеттерге баулып өсіруі ертеңге күнге сенімді болуымен ұштасады.

Ізгілікті іске қатысқан жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қайырымдылық жасау – әр азаматтың міндеті деп санайды. Бірақ, ол қайырымдылықты кім қалай жасайтыны әркімнің өз еркінде. Қамкөңіл адамға мейірімді болу –  ерікті іс дейді олар.

Осы тәріздес мерекелік акциялар мен челлендждернаурыз айының 22-іне дейін жалғасын табатын болады. Қаламыздың волонтерлері мен белсенді жастары белгіленген мерекелік шаралардан тыс қалмай, оған ат салысу үшін барын салуда.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар