МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Ақмола облыстық «Ауыл» партиясы филиалының төрағасы Лашынтай Жасқайратұлы Дюсенов аграрлық мамандықтар бойынша Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде білім алып жатқан 3-курс студенттерімен кездесіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады.
Кездесу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл шаруашылығы саласын жаңғырту, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, цифрландыру және жас мамандарды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асырудағы жастардың рөлі мен кәсіби біліктілігінің маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарымен бөлісті.

Ш.Уалиханов университетінің студенттері

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар