Есіл ауданында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Есіл ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Осы бағытта ауданның елді мекендерінде ақпараттық кездесулер мен тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылып, Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтар мен алдағы міндеттер кеңінен түсіндірілуде.
Атап айтқанда, Юбилейный ауылдық клубында тұрғындармен кездесу өткізіліп, қатысушылар Жолдаудың негізгі бағыттарымен танысты. Кездесу барысында ел дамуының өзекті мәселелері талқыланып, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 2 қарашада Бұзылық ауылдық клубында Мемлекет басшысының Жолдауына арналған ақпараттық сағат өтті. Іс-шара барысында Қазақстанның егемендігін нығайту, жаһандық экономикаға ықпалдасу, сондай-ақ әділетті, қуатты, таза әрі прогрессивті мемлекет құру сияқты негізгі мақсаттар мен міндеттер қарастырылды.
Әсіресе, белгіленген міндеттердің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттырудағы маңызына ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар тұрғындардың ақпараттану деңгейін арттыруға, өзекті мәселелерді ашық талқылауға және Қазақстанның даму бағыттарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Есіл ауданының елді мекендерінде Президент Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар