Агроөнеркәсіп кешенін дамытуды әлемдік деңгейге жеткізу керек

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин өткен бейсенбі күні жұмыс сапары аясында Ақмола облысында көктемгі егіс жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты. Үкімет басшысы Сандықтау және Ақкөл аудандарының алқаптарындағы егіс жұмыстарымен, жергілікті ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасымен, дәнді және жемшөп дақылдарын өңдеу және тазалау, сондай-ақ, ет және сүт өнімдерінің өндірісін кеңейту жобаларымен танысты. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек жайлы айтты.
Үкімет басшысының сапары кезінде облыс әкімі Ермек Маржықпаев бірге болды.

Биыл Ақмола облысында жаздық егіс аумағы 4,9 миллион гектарды құрайды, оның ішінде 4,4 миллион гектарына – дәнді дақыл себіледі. Бүгінгі таңда 640,3 мың гектарға дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 53,9 мың гектарға астам майлы және 51 мың гектарға мал азығы дақылдары егілді. Көктемгі дала жұмыстарының қарқына күн сайын артып келеді.
Егіс жұмыстарына шамамен 32 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған, атап айтсақ, 14 мыңнан астам трактор, 16 мың тұқым сепкіш, 1 250 егіс кешені. Өңірде көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 68 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінді, оның құны Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша фермерлер үшін литрі 165 теңгеге дейін арзандатылған.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді оңтайлы мерзімде – 20-25 жұмыс күні ішінде аяқтау көзделген.
«Ауыл – ел бесігі» жобасының іске асырылуын бақылау аясында Премьер-Министр Сандықтау ауданының Максимовка және Балкашино ауылдарында, сондай-ақ Ақкөл ауданының Еңбек ауылында болып, онда әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын – абаттандырылған тұрғын үйлерді, денсаулық сақтау, білім беру және спорт мекемелерін аралап көрді.
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі осы жылдың төрт айының қорытындысы бо-йынша 2019 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 3,5 пайызға өсті. Өңделген ет өндірісі 22,1 пайызға (19 мың тонна), сүт өнімдері 0,4 пайызға (26 мың тонна), ұн 29 пайызға (122 мың тонна) және өсімдік майы 42,1 пайызға (8 мың тонна) өсті.
Ақмоланың ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері елорда тұрғындарын ет және сүттің шамамен үштен бір бөлігімен (33% және 34 пайызға), тағамдық жұмыртқамен – 94 пайызға қамтамасыз етеді. Өңірде ет фермаларын құру жобалары жүзеге асырыла бастады, барлығы 7600 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алумен 111 ет фермасы салынады. 2400 бас ірі қара малға арналған 18 тауарлы сүт фермасын ашу жыл сайынғы сүт өндірісін кем дегенде
40 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар