Ауылдағы жаңа өрт сөндіру бекеті

Біржан сал ауданының Бірсуат ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. «Баймырза Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасында ашылған облысымыздағы 29-ыншы өрт сөндіру бекеті Бірсуат, Мамай және Заурал ауылдық окургтерінің және далалы орман алқаптарының өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз етеді.

Осы ретте, облыстық төтенше жағдайлар департаменті жаңа бөлімшені өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз етсе, аудан әкімдігі 5 миллион теңге қаржы бөлді. Бұл қаржыға Ерейментау ауданындағы «Қазақстан Инжиниринг автожөндеу зауыты» акционерлік қоғамы базасында өрт сөндіру автокөлігіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, «Баймырза Агро» серіктестігі өз қаражатына ғимараттың шатырын, есігін және жылу жүйесін жаңартып берді.
Өрт сөндіру бекеті жылы бокспен қамтамасыз етілген, телефон байланысы жұмыс істейді. Мұнда төрт қызметкер және бір өрт сөндіру автокөлігі бар. Жаңадан құрылған команда тек өртті сөндіріп қана қоймай, сонымен қатар, олардың жауапкершілік аймағында болған басқа да төтенше жағдайларды жоюға, сондай-ақ, қиын жағдайға ұшыраған тұрғындарға көмек көрсететін болады.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар