Облысымызда 180 адам қауіпті дерттен жазылды

Облысымызда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 391 адамға жетті. Ал, қауіпті дерттен айығып шыққандар саны 180 адамды құрады. Ақмола блыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, соңғы тәулікте облыс бойынша 23 адамда коронавирус анықталды. Оның ішінде Көкшетау қаласында – 6,  Бурабай ауданында – 9, Степногорск қаласында – 8.

Науқастардың он бірі 71-42 жас аралығындағы ерлер болса, қалғаны 89-19 жас аралығындағы әйелдер. Ал, біреуі 8 жастағы жасөспірім. Науқастардың екеуі бұрын жұқтырғандармен байланыста болған тізім бойынша өтті.

Коронавирус ошақтары анықталғаннан кейін қорытынды дезинфекция жүргізіледі. Барлық науқастарға бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес, медициналық көмек көрсетіледі. Жұқтыру ошақтарында індетке қарсы іс-шараларды жоғарыда аталған аумақтар басқармаларының мамандары жүргізетін болады.

Алпысбай СЕЙІТ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар