Суға шомылғанда абай болайық

Макинск қаласы маңындағы қолдан жасалған су айдынында 1971 жылы туған ер адам суға кетті. Қайғылы оқиға 8 шілде күні кешкі сағат 19.00 орын алды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Манарбек Шапағатовтың айтуынша, қайғылы оқиға жөнінде біреу телефон шалған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары жіберілді. Іздестіру жұмысын жүргізу үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің судан құтқарушылары жұмылдырылды. Ер адам белгісіз жағдайда суға кеткен. Макинск қаласының темір жолы маңындағы бұл су айдыны суға түсу үшін жабдықталмаған. Мұнда суға түсуге болмайды деген екі белгі орнатылған. Су айдынының тереңдігі үш метрді құрайды. Жыл басынан бері облыстың өзен мен көлдерінде сегіз адам суға кетті, жиырма адам құтқарылды.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар