Мерейтой тағылымы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы Қаулысымен республикалық комиссия құрылып, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау мен өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.

Бұл жоспарды жүзеге асыру мақсатында еліміздің барлық аймақтарында 100-ге жуық ірі көлемді қоғамдық-саяси, мәдени және спорттық шаралар өткізілді.
  Бұл орайда, Елбасы тапсырмасына сәйкес Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар, Ұлттық банк 5 мың дана мерейтойлық монетаны айналымға шығарғандығы бар. Сондай-ақ, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Махмұт Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінің 7 мың данамен және Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының 18 мың дана болып басылып шығарылғандығы көпшіліктің өткен тарихымызды тағы бір зерделеп, көптеген мағлұматтармен танысуларына мүмкіндік береді. Енді осыған Берекет Кәрібаевтың «Қазақ хандары», «Қазақ хандығының құрылу тарихы» атты кітаптары мен Б.Ғабдуллиннің «Великое кочевье» атты туындыларын қоссақ, Қазақ хандығына байланысты біраз дүниелердің оқырманға жол тартқандығын пайымдауға болады.
   Жыл басынан бері еліміздің барлық облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында  700-ден астам іс-шаралар, 50-ден астам түрлі конференциялар өткізілген екен. Сондай-ақ, мәдени-спорттық шаралар, ақындар айтысы өткізіліп, республикалық және облыстық театрларда 50-ден астам тарихи спектакльдер мен қойылымдар қойылды. Олардың ішінде «Абылай хан», «Ант», «Қазақтар», «Жаужүрек», «Бейбарыс сұлтан»,

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар