Психоневрологиялық аурулары бар азаматтарды оңалтуға оқытады

Психоневрологиялық аурулары бар азаматтарды оңалтуға оқытады

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында Қазақстанда алғаш рет Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (МӘМ) мамандарын психоневрологиялық аурулары бар балалар мен ересектерді оңалту бойынша онлайн-оқыту жүргізіледі. Жоба ағымдағы жылғы қыркүйек айының ортасында басталады.

Семинарларды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының қолдауымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырады. Семинарлар циклін мүгедектігі бар адамдардың «Кеңес» әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту орталығы қоғамдық бірлестігі әзірледі.

Жобаға стационар жағдайында қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің мамандары қатысады. Оларға мекеме директоры, әдіскер, психолог, логопед, дефектолог мұғалімдер, тәрбиешілер, жаттығу терапиясы жөніндегі инструкторлар және тағы басқалары кіреді.

МӘМ мамандары онлайн курстан өтіп, қамқорлыққа алынған адамдарды өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлану сияқты әлеуметтік маңызды дағдыларға үйрете алады. Сонымен қатар, алынған білім негізінде МӘМ мамандары өз өңірлерінде әлеуметтік қызметкерлерді одан әрі оқытады.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *