Ата Заңымызға – 25 жыл

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Конституция күнімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Мемлекет Конституциясы – бұл заң әріпімен енгізілген жалпыұлттық идея. Ол қазіргі құқықтық тұжырымдамаларда ата-бабаларымыздың бостандық жайлы, өз тағдырын шешу мүмкіндігі туралы, бүкіл әлемге танымал тәуелсіз ел туралы армандарының көрінісі. Сіздерді мемлекетіміздің ең ұлы мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз құттықтауында: «Озық әлемдік тәжірибені, тарихи және ұлттық дәстүрлерді арқау еткен Қазақстан Конституциясы халқымыздың бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік негізі саналады», – деп атап көрсетті. 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған еліміздің Негізгі Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандығына кепілдік беріп, тәуелсіз мемлекеттің түбегейлі қалыптасуындағы демократиялық заң құрылымының іргетасы саналады. Ағымдағы жылы уақыт сынынан өтіп, тарихи дамуымыздағы жалпыұлттық құндылықтар векторын айқындаған Ата Заңымыздың 25 жылдығын атап өтеміз.
25 жыл көлемінде мемлекетіміз ел дамуының барлық салаларында, атап айтқанда, экономика, өндіріс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, медицина мен білім беруде үлкен жетістіктерге жетті. Біздің Конституциямыз алдағы кезде де біздің азаматтарымыздың мүддесіне қызмет етіп, Қазақстан Республикасының одан әрі дамуы-на ықпал жасайтынына сенімдімін.

Қымбатты жерлестер!
Сіздер Қазақстанның дамуына мол үлес қосудасыздар. Биылғы жылы біздің облыс орталығы Көкшетау қаласында Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының 17-ші форумы өтеді. Алдағы күзге жоспарланған шара Ақмола облысы үшін үстіміздегі жылдың басты оқиғасы болмақ. Бұл біз үшін үлкен құрмет. Біз қаламыздың мәртебесін асқақтатып, зор сенімді ақтауымыз керек. Баршамыз үшін маңызды күні сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, бақыт пен сәттілік, бейбітшілік пен түсіністік, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының одан әрі гүлденуіне тілектестік білдіремін!

Құрметті ақмолалықтар!
Баршаңызды мемлекеттік ұлық мереке – Конституция күнімен құттықтаймын!
Конституция біздің еліміздің саяси және қоғамдық күштеріне бағдар беретін Негізгі Заң, ол халықтың күш-қуатын тұрақты құқықтық мемлекет құруға бағыттайды, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жинақталған барлық тәжірибесі мен жетістіктерін көрсетеді.
Біз барлығымыз Отанымызды әрдайым мықты гүлденген мемлекет ретінде көргіміз келеді. Ондай елде әрбір азамат өз күші мен қабілетін толық пайдалана алады. Біздің әрқайсымыз Конституция-да белгіленген қағидаттар мен құндылықтарға, құқықтық жүйенің нормаларына құрметпен қараймыз, заң талаптарының сақталуы қоғамымыздың дамуын анықтайды, әр адамның өміріне әсер етеді. Заңдарды сауатты қолдану – өркениетті өмірдің нормасы, оның сапасын арттырудың қуатты тетігі.
Құрметті отандастар, барлығымыз үшін осы бір қиын-қыстау уақытта келісімде өмір сүріп, кез-келген істе биік табысқа жетуді және Отанымыздың гүлденуі жолында еңбек етуді тілеймін. Отбасыларыңызда амандық, ертеңгі күнге деген сенімділік пен мықты денсаулық тілеймін!

Әсен ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
Ақмола облыстық мәслихаты хатшысының
міндетін атқарушы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар