«BalaTurkvizyon» Халықаралық балалар әні байқауы Ұлттық іріктеуінің жартылай финалы

 19 қыркүйек, 2015 жыл
Астана қ., Бейбітшілік және Келісім сарайы, сағат 16.00

2015 жылдың 19 қыркүйек күні, Бейбітшілік және Келісім сарайында «BalaTurkvizyon» Халықаралық балалар әні байқауының аймақтық іріктеу жеңімпаздарының қатысуымен жартылай финалдық Гала-концерт өтеді.
 Байқау бастамашысы – Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры,  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қорының қолдауымен.
Байқаудың басты мақсаты – музыка әлемі арқылы балалардың жан-жақты дамуына үлес қосу, республикамыздың барлық балабақша мен мектептеріне арнайы сыйға тартылатын қазақ тіліндегі жаңа әндерді жарыққа шығару және қазақстандық жас сазгерлер мен ақындарға қолдау көрсету.
       «BalaTurkvizyon-Қазақстан» Ұлттық іріктеу кезеңі 8 маусым мен 8 тамыз аралығында еліміздің барлық аймағында және Алматы, Астана қалаларында өтті.  Іріктеуге 2000-ға жуық өнерпаздар қатысты.  Әр өңірден жұлдызды тәлімгерлер  – қазақстандық эстрадасының жас әншілері мен танымал продюсерлері бірігіп отырып 8 бен 13 жас аралығындағы жан-жақты дамыған өнерлі балаларды таңдады. Әр қатысушы іріктеу нәтижесінен бөлек, арнайы Сертификат пен «BalaTurkvizyon-Казақстан» әнұраны жазылған дисктерге ие болды.Бас ақпараттық серіктес  – «Хабар» Агенттігі АҚ.
15 тамыздан бастап  «Бөбек» Жұлдызды үйінде» 16 облыс пен Алматы, Астана қалаларының жеңімпаздары Әлия Назарбаева қорының арнайы шақыруымен, балалық шақтың алтын бесігіне айналған – «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында вокал, хореография, сахна және актерлік шеберлік бойынша кәсіби мамандардан сабақ алып, қазақстандық өнер майталмандарынан шеберлік сыныбын тамашалады.
         Қыркүйектің 19-20 күндері Бейбітшілік және Келісім сарайында байқаудың жартылай финалы мен финалына арналған концерт өтеді. Балаларға арналған жаңа әндерді барлық көрермендер мен қазақстандық 16 эстрада жұлдызынан құралған қазылар алқасы тыңдап, 20 қыркүйек күні финалдық Гала-концертке жолдама алатын 8 финалисті анықтайды. Ұлттық іріктеудің финалдық гала-концертінде қазылар алқасының төрайымы     Әлия Назарбаева бастаған Майра Мухамедкызы, Қалқаман Сарин, Ренат Гайсин, Жанар Дұғалова, Арман Дүйсенов, Нұрлан Қаражігітов, Ринат Думанұлы қазылар алқасы іріктеудің ең үздік дауысын анықтайды. Жеңімпаз 2015 жылдың желтоқсан айында Түркітілді елдер арасында тұңғыш өткізілетін «BalaTurkvizyon» байқауында Қазақстан намысын қорғайды.21 елдің өнерпазы бақ сынайтын Гранд-финал, 2015 жылдың 18 желтоқсан күні Түркияның Стамбул қаласында өтеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар