Қоғам алдындағы міндеттер айқындалды

Парламент Палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын мұқият тыңдадым. Бүкіл әлемді қамтыған пандемиялық дағдарыс және одан кейінгі даму мақсаттары жіпке тізілген моншақтай айқын айтылды.

Күрделі жағдайда алдымызда тұрған бас-ты міндет – экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары. Президентіміз мемлекет тарапынан адам капиталын дамыту үшін жаппай білім беруді қолдап, жалпыға қолжетімді білікті де сапалы медициналық көмек көрсетуді арттыру мақсатында «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөліміндегі медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге жеке тоқталып өтті. Әсіресе, ана мен сәби өлімінің көрсеткіші төмендесе де, дамыған елдердің деңгейінен айтарлықтай көп екенін ашық айтты.
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Осы ретте, мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайтыны, оны қаржыландыруға алдағы үш жыл ішінде 2,8 триллионнан астам теңге бөлінетіні айтылды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүзеге асырылуы медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.
Кешегі қиын-қыстау кезеңде Ақмола облысындағы медицина мамандарының тапшылығы анық көрінді. Коронавирус індеті кезінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің медицина факультетінің студенттері мен профессорлық оқытушылар құрамы қатардан қалмай, провизорлық орталықтарға қол ұшын беріп, көмегін тигізді.
Үкімет әр өңір бойынша медицинадағы нақты дерттер топтамасы жөнінде басымдықтар тізімін жасап, соның негізінде бюджеттен қаржы бөлінуі қажет делінді. Аймақтағы дәрігерлер тапшылығын облыс және аудан әкімшіліктері де терең көзқараспен бағалап, жастарға жол ашып, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің медицина факультетінің студенттеріне жылына 50-75 грант бөліп, шәкіртақы төленуін қолға алған.
Мемлекет басшысының Жолдауы негізінен, елдің табысын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға арналып отыр. Айталық, біздің жаңа факультеттің материалдық-техникалық базасы да университет әкімшілігінің қолдауымен жылдан-жылға заманауи талаппен нығайып келеді. Халықтың әлеуметтік жағдайының артуы еліміздің экономикалық дамуына оң әсер етуде. Бұл жақсылықтың нышаны деп ойлаймын. Жолдаудағы экономикалық даму, әлеуметтің әлеуетін көтеру, адам денсаулығын нығайту, білім сапасын жақсарту сияқты еліміз үшін маңызды бас-тамалар халқымыздың білімді, салауатты жолға көбірек бет бұруына жасалып жатқан қамқорлық деп түсінемін.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің стратегиялық бағытымыз – айқын. Түйткілді тұстарымыз бен кемшіліктерімізді өзіміз жақсы білеміз. Бүгін мен бүкіл қоғам алдында дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жоспарын баяндадым. Оның жемісті жүзеге асуы әрқайсымызға байланыс-
ты» деп ерекше атап өтті.
Бұл – болашақ ұрпақ үшін де өте маңызды. Жаңа жағдайдағы Қазақстанымыздың іс-қимыл кезеңі жемісті істерге толы болсын.

А. ЕРЖАНОВА,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің медицина факультетінің оқытушысы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *