Тәрбиелі қыз – өнегелі ана

Облыстық ардагерлер кеңесі мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесіп, «Қыздарды Қазақстан халықтарының үздік салт-дәстүрлерін үйрете отырып тәрбиелеу» атты тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісін өткізді.

Дана халқымыз ертеден қыз балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, қыздар «болашақ ана, жар» деген принципті ұстанғаны белгілі. Заман қанша құбылса да, қоғамдағы нәзік жандылардың рөлі, тәлім-тәрбие өзгеріссіз қалады. «Үйдің төрт қабырғасы болса, оның үшеуінің жағдайы әйелге байланысты» деген сөз де текке айтылмағаны анық. Сол себепті, ұрпақ өрбітуші – қыздарымыздың тәрбиесін әркез назарда ұстағанымыз жөн. Жиында сөз алған  облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мағауия Рақымбергенов  осы төңіректе әңгіме өрбітсе, Көкшетаудағы медициналық колледждің шәкірттері өздері пісірген ұлттық тағамдардан жиналғандарға дәм татқызып, қыздардың репродуктивтік денсаулығы жайлы да толымды ақпарат берді. Ал, Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкерлері халқымыздың танымал қыз-келіншектері туралы жазылған кітаптар мен журналдар қойылған көрмені көпшілік назарына ұсынды.
Этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, оқытушылар мен студенттер, түрлі салада жұмыс істейтін нәзік жандылар өзара пікір алмасып, әйелдерді зорлықтан қорғау, жастардың құқықтық тәрбиесі тақырыптарында баяндамалар оқылды.   
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар