Қарттарға құрмет көрсетілді

Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында облыстық мәслихаттың депутаты Серік Аяғанов пен облыстық аурухананың ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Жанәділов бар ғұмырын медицина саласына арнаған қариялардың үйінде болып, оларды мерекелерімен құттықтады. 

Мұндай қошеметке ие болған жанның бірі – облыс орталығының қарт тұрғыны Зияда Магафирин. Ол ұзақ жылдар бойы аудандық, облыстық ауруханада хирург дәрігер болып еңбек етіп, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», тағы бірқатар медальдармен марапатталған. Ардагерге мереке күні ақшалай сый-сияпат және естелік ретінде «Ақмола облыстық ауруханасына – 65 жыл» мерейтойлық кітабы тарту етілді.
Сондай-ақ, халық қалаулысы бастаған топ медицина саласының ардагері Александра Косареваның үйінде де болды. Бұл қарияға да ұйымдастырушылар зор құрмет көрсетіп, ұзақ ғұмыр, отбасылық бақыт, немере-шөберелерінің қызығына бөлене беруін тіледі.    
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар