Заң бұзғанға зауал бар

Соттар қызметінің тиімділігі, олардың шығаратын шешімдерінің әділеттігі мен жедел және толық орындалуы – кез-келген мемлекеттің демократиялық дамуының көрсеткіші  саналады.

«Судья – халықтың ожданы. Ол мейлінше таза әрі кіршіксіз болуы тиіс» деген даналар сөзі де текке айтылмағаны белгілі. Сондықтан, бүгінгі таңда судьяларға артылып отырған жауапкершілік жүгі өте ауыр.
Әділетсіздікпен күресте халықтың шындық іздеп, сенім артып  келетін жоғары заң органы ол әрине сот. Көкшетау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына да қарапайым халықтан, түрлі мекемелерден арыз-шағымдар көптеп келіп түседі. Соңғы жылдары кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік істердің көп қаралатынын айта кеткеніміз жөн. Мәселен, жуырда ғана қалалық мамандандырылған әкімшілік сотта Қазақстан Республикасының «Этиль спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік іс қаралды.
Айтып өтейік, жеке кәсіпкердің дүкенін тексеру кезінде спирттік ішімдіктерді  сатуға қатысты заң бұзушылықтар, соның ішінде алкоголь өніміне есепке алу-бақылау маркасының бекітілген нұсқаға сәйкес келмеу фактісі   анықталған болатын. Еліміздің заңы бойынша мұндай өрескел құқық бұзушылықтар үшін кәсіпкерлерге 150-ден 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынуы керек. Сонымен қатар, оның меншігіндегі акциздік тауарлар тәркіленуге тиіс.
Осы орайда, «кәсіпкерлер алкоголь өнімдерін сатып алу кезінде есепке алу-бақылау маркаларын арнайы құрылғымен тексеруге мүмкіндіктері болмаған жағдайда жауапкершілікке тартыла ма?» деген сауал туындауы мүмкін. Сот істі қарай келе, бұл жерде кәсіпкерлердің еш кінәсі жоқ екенін мәлімдеп, іс біржола жабылды.
Соттарда азаматтарға еш айғақсыз бостан-босқа жаза тағайындалмайтынын, сот қашанда әділет жағында екенін осы мысалдан-ақ көруге болады.
Өкінішке орай, Ата Заңымыздың қабылданғанына биыл жиырма жыл өтсе де, көптеген азаматтар әлі күнге дейін заң нормаларынан бейхабар. Осы білместіктері қылмыстық, әкімшілік істерге әкеп соқтырып жатады.  Кез-келген адам, я ол кәсіпкер болсын, басқа да қызметте жұмыс істесін, ел заңдарын білуге, заңға қайшы әрекет жасамауға тиіс. Себебі, заң бұзғанға міндетті түрде зауал бар. Осыны естен шығармайық.  
Риза ЗАРДЫХАН,
Көкшетау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты сот отырысының
 бас маман хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар