Қалың түскен қар киіктердің де тебіндеуіне қиындық әкелді

Қалың түскен қар киіктердің де  тебіндеуіне қиындық әкелді

Жаңа жыл басталысымен-ақ, қыс өзінің қатал мінезін танытқаны белгілі. Сынап бағанасы 42 градусқа дейін төмендеді. Кейін қалың қар түсіп, боран тұрды. Табиғаттың осы тосын мінезі облыста қыстап қалған киіктердің өміріне қауіп төндіруде.

Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының басшысы Лашынтай Дүйсеновтың айтуынша, биылғы қыстың басы жылы болғандықтан, киелі жануарлар оңтүстік өңірлерге кетпей, Қорғалжын, Егіндікөл, Жақсы, Атбасар аудандарында қыстап қалған көрінеді. Сейсенбі күні жауған қалың қар мен қатты ұйытқыған боран киіктердің қар астынан шөпті теуіп жеуіне кедергі келтіруде. Соның салдарынан киіктер қырыла бастапты. Мұндай келеңсіздікке жол бермеу үшін аталмыш аудандардың шаруашылықтары қар тазалайтын трактор тәрізді арнайы техникалар бөліп, киіктердің жайы-
луына жағдай жасауда. Өйткені, киелі жануарлар аңшылар шаруашылығының нысандары дайындаған шөпті жемей, тек қана өсіп тұрған шөпті жұлып жейтін көрінеді.
– Өткен жылдың желтоқсан айының басында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағында 25 мың киік бар еді. Осы орайда, біз аумақты қорғау бойынша қосымша шаралар қабылдадық. Барлық кардондарда адам санын көбейттік. Жедел жолға шығу үшін жанар-жағармай қорын жасадық. Кардондарда қарда жүретін техникалардың жағдайын бақылауға алдық. Аумақты қадағалау нығайтылды. Қар тазалағыштың көмегімен киелі жануарлар жайылатын жерлерді қардан тазаладық,–дейді Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының директоры Асқар Сексенбиев бізбен әңгімесінде. Иә, киіктерді қорғау – киелі іс.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *