Тәртіп тізгіні қатая түсті

Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясында Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын түсіндіру жөнінде кеңес болып өтті.

Оған облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекциялардың басшылары мен мамандары қатысты. Кеңесте облыстық аумақтық инспекцияның басшысы Манат Әбдірахманов сөз сөйлеп, Атбасар мен Зеренді аудандық аумақтық инспекцияларында мемлекеттік қызмет көрсетудің қанағаттанғысыз жұмысын сынға алды. Бұл инспекцияларда қабырғаға ілінген ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің мәліметтері ресми тілде ғана жазылған. Есептерін уақытында ұсынбайды. Берілген ветеринариялық сертификаттарды тіркеу журналдары толық толтырылмаған.
Сондықтан, азық-түлік тағамдары бөлімдері мен нысандарға мемлекеттік қызмет көрсету, уақытында есептер мен құжат айналымы бойынша дұрыс мәлімет ұсыну мәселелері бойынша тексеріс жүргізіп, қолданылған шаралар жөнінде баяндау тапсырылды. Қаржылық және әкімшілік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Алла Чердынцеваға осы жұмыстарға дұрыс бақылау жасау міндеті жүктелді. Ал, Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Наурызбай Рақымжановқа ұжым мүшелері арасында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын оқып-үйрену  жұмыстарына басшылықты күшейту тапсырылды.   

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар