Ақмола театры Алматыда

Көкше жерінің театр ұжымы асқақ Алатау баурайында болды.

Қазан айының 26-28 аралығында Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында бірнеше спектакль қойды.
Үш күн бойы балаларға арналған Эстентонның «Ойыншықтар оқиғасы» ертегісін режиссер Е.Тазболатов сахналады. Бұған қоса, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай сахналанған С.Жүнісовтың «Абылай» тарихи толғауының режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Оспанов. Сонымен қатар, Ерсайын Төлеубайдың «Алдаспан» драмасы, Шахмет Құсайыновтың «Анамның ақ көйлегі» драмасын режиссер М.Изимов сахналады.
Барлық спектакльдер жұртшылықтың ықыласын туғызып, талғамы зор алматылық көрермендер тарапынан жылы қабылданды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар