Отансүйгіштікке үндейді

Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеуде іс-шаралар, кештер, ертеңгіліктер, тәрбие сағаттары мен ашық сабақтардың маңызы зор.

Биылғы жыл тарихи оқиғаларға толы болғандықтан, оқушылар үшін тағылымы да ерекше. Атап айтар болсақ, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай мектебімізде «Қазақ хандығы және Мәңгілік ел» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталмыш шараға Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушылары, сондай-ақ, аудан мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдері мен мектеп оқушылары қатысты.
Ел болашағы, ұлт тағдырына қатысты тәрбиелік жұмыстардың қай-қайсысы да оқушылардың патриоттық сезімін, жігерін арттырып, жұдырықтай жүрегіне ынтымақ пен берекенің нұрын сеуіп, еліне адал болуға тәрбиелейді.
Сандуғаш ЗАНДЫБАЙ,
Қоянды орта мектебінің
тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі,
тарих пәнінің мұғалімі.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *