Айдар – «Болашақ Барысы»

2015 жылдың 1 қарашасында Лондон қаласында «Болашақ» бағдарламасымен Англияда оқитын студенттер арасында қазақ күресінен «Болашақ Барысы» турнирі өз мәресіне жетті. «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры мен «Қазальянс» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен турнирге 16 балуан қатысты.
Бұл жарыс Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластырылған болатын. Тек қана 74 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өткен жарыста ұлттық спорт түрлерінен Ақмола облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі, жаттықтырушы Әнас Исиннің шәкірті, көкшетаулық Айдар Қойшыбаев (ортада) бірінші орынға ие болып, «Болашақ Барысы» атанды.      
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар