Балаларды қуантты

Урюпинка балалар үйінде «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қоры мен облыстық жастар ресурстық орталығының  ұйымдастыруымен  «Ешқашан жоқ деп айтпа!» акциясы болып өтті.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған бұл шарада жастар қауымы балаларға концерт қойып, сан түрлі ойындар ойнатты. Облыстық көңілділер мен  тапқырлар клубының мүшелері де аянып қалмай, жиналғандарды күлкіге қарық қылды.  Сондай-ақ, акция аясында аталмыш қоғамдық қор балалар үйіне спорттық құрал-жабдықтарды сыйға тартты. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта тәрбиеленушілерді осындай игі шарамен тағы да бір қуантпақшы.

«Арқа ажарының» өз ақпараттары.

Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар