Талапты жасқа – кең өріс

Көкшетау қаласы әкімдігінің қолдауымен Жастар ресурстық орталығы облыс орталығында тұңғыш рет «Жастардың жеті қазынасы» атты қалалық жастар форумын ұйымдастырды.

Шараға Астана қаласынан жастардың іскерлік кеңесінің төрағасы, халықаралық дипломатия мектебінің президенті Қайырболат Сахметов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі Нұрлан Өтешев арнайы қатысып, жоғары оқу орындары студенттерімен, мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Сондай-ақ, еліміздің Қызылорда, Қарағанды қалаларынан да меймандар қатысқан шара барысында жастар топ-топқа бөлініп, бүгінгі қазақстандық патриотизм, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында жəне «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» стратегиясында айтылған міндеттерді жүзеге асыру тетіктерін талқыға салды. Астаналық Қайырболат Сахметов пен Нұрлан Өтешев жастарға жетістікке қалай жетуге болатыны жайлы өз өмірлерінен мысал келтіре отырып əңгімелеп берсе, облыстық мəслихат депутаты,  жеке кəсіпкер Елена Мащинская да осы тақырыптарда әңгіме қозғады.   
Ал, форумның «Достар» мәдениет сарайында өткен жабылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Қайрат Жылқыбаев  жастар саясаты мемлекеттік саясаттың негізгі құрамдас бөлігі екендігін айта келе, облыс орталығында осы істің жүзеге асырылуына кеңінен тоқталып өтті. Баяндамашының сөзіне қарағанда, бүгінгі күні қалада тұратын жастардың саны 42 мың адамға жетіп отыр. Жыл сайын жас отбасыларға пәтер кілттері табыс етіліп, жас мамандарды арнайы бағдарлама арқылы жұмысқа тұрғызу мәселесі де кенже қалып отырған жоқ. Жалпы, қала жастарының еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласу белсенділігі жоғары деңгейде деп айтуға болады.
Бұл күні өзінің ынта-жігерімен көзге түсіп жүрген, оқуда да, түрлі жарыстарда да топ жарып келе жатқан бір топ жастар Көкшетау қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталып, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар