Мәрмәр тасқа есімдері жазылды

 Тастыөзек ауылында Ұлы Отан соғысына аттанып, майдан даласында құрбан болған жауынгерлерге ескерткіш ашылды.

  Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында қолға алынған «Жеңіс орманы» акция-сы шеңберінде орнатылып отырған ескерткіштің ашылу салтанатына Бұланды аудандық мәслихатының хатшысы Шахман Құсайынов, Отрадный орман шаруашылығының директоры Тілеуғабыл Сиқымбаев және ауыл тұрғындары қатысты. Осы орайда, құттықтау сөз сөйлеген аудандық мәслихат хатшысы Шахман Құсайынов жауынгерлердің есімі жерлестерінің жадында мәңгі сақталғанын ерекше атап өтті. Шара барысында майдангерлердің рухына тағзым етіліп, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Ескерткіштің орнатылуына Отрадный орман шаруашылығының ұжымы мен ел азаматтары зор үлес қосқанын атап өткен жөн. Шаруашылық қызметкерлері мұрағат құжаттарын ақтарып, жауынгерлер жайында құнды мәліметтер жинады. Сондай-ақ, ескерткіш маңын абаттандырып, жасыл шырша отырғызды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар