Тегіңді білу – тектілік

Таяуда Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында шежіреші, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессоры Мұсатай Ғалыммен кездесу болып өтті.

Ілкі замандағы қалам ұшына ілінбей қалған, тасқа басылмаған төл тарихты зерделеп-зерттеу, шым-шытырық шежірені салғастырып, қапысыз дәл індету оңай-оспақ шаруа емес. Кешегі кеңес заманында өткенін ұмытқан, батыры мен бағланын, биі мен абызын ардақтаудан айырылған, саф алтындай қаншама рухани қазынасы саусағының ұшынан сорғалап тамып, санадан жоғалған дүниені қайтадан жинау бейнеті мол іс. Мұсатай Ғалым осындай жанкешті еңбек етіп, уақыт тозаңынан қаншама ұлттық құндылықтарды арылтып алып, туған халқына жарқыратып ұсынып жүрген зерделі жанның бірі. Шара барысында шежірешіге жазушы Төлеген Қажыбай, қаламгер Ғосман Төлеғұл, ақын Айдос Әбутәліпов тәрізді ұлтжанды азаматтармен бірге, жас толқын өкілдері де өздерін толғантып жүрген сандаған сауалдарын қойып, тұшымды
жауап алды.
Әуел баста ұлт мұраларын дәріптеп, аталар аманатына адал болуға шақыруды көксеген шара өзінің діттеген жеріне жетті деп айтуға толық негіз бар.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар