Алғысыммен бірге, ұсынысым да бар

Құрметті редакция!
Менің бұл жазып отырған адамдарым қазіргі адамгершілік пен жауапкершілік, сенім азайып бара жатқан шақта өз міндеттеріне адал қарап, жайдары мінездерімен көрініп жүрген ақ халатты абзал жандар.
«Басы ауырмағанның құдаймен ісі жоқ», –
 дейді қазақ. Осыдан бір-екі ай бұрын жолдасым аяқ астынан ауырып қалды. Қазір дәрігерлердің арқасында денсаулығы әжептәуір жақсарды. Сондықтан, Бурабай аудандық ауруханасының бас дәрігері Алма Әбіләшқызы бастаған ұжымға, соның ішінде онколог дәрігер Оксана Викторовна Киселева, рентгенолог Константин Абрамов, жедел жәрдем фельдшері Данияр Ербатыров, көз дәрігері Пик, кадр бөлімінің бастығы Бақыт Нұғыманқызына, облыстық онкология диспансерінің онколог дәрігерлері Алмагүл Басылова, А.Кәрімова, үнемі сапалы қызметімен көзге түсіп жүрген Бурабай ауданының Успено-Юрьевка ауылындағы медпункттің медбикелері Тұрсын, Нағима, Галина, лаборант Гүлайым және бас дәрігер Шалундоваға зор денсаулық, қажымас қайрат, еңбектеріне табыс тілеймін. Аз да болсын осы ақ халаттылардың еңбегін бағалай білейік деп қолыма қалам алдым, ағайын. Және де бір өтінішім, алыс-жақыннан науқастар ұзақ-сонар кезекте тұрады, кейбір жағдайда бір дәрігерден екіншісіне қаралу керек болады. Сол кезде кешігіп қалғандар, барар үйлері жоқ, вокзал маңайын төңіректейді, сонда отырып, қонады. Айтайын дегенім, егер мүмкіндік болып жатса, сол ауылдан келгендерге жете көңіл бөлінсе…

Айкен ӨМІРҰЗАҚҚЫЗЫ.

Успено-Юрьевка ауылы,
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар